Таэквандошылар ел чемпионатына дайындалуда

276
Бапкерлердің үміті осы жеткіншектерде

Қарағанды қаласында 7-9-мамыр күндері ашық ел чемпионаты өтеді. Бұл дода Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналады. Турнир таэквандоның ITF түрінен өтеді деп жоспарланып отыр. Қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорт мектебінің шәкірттері кезекті рет Қазақстан чемпионатына дайындалуда. Олар бұл жолы да Шымкенттің жүлде қоржынына алтыннан медаль салуға тырысып бағады.

Бапкерлердің үміті осы жеткіншектерде
Бапкерлердің үміті осы жеткіншектерде

Бүгінде жерлестеріміз оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Басты мақсат – кеншілер мекеніндегі сынақтан сүрінбей өту. Өйткені, бұл жарыста жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу жүргізіледі. Оңтүстіктен кем дегенде 2 спортшы әлемдік аренада ептілігін сынға салуы тиіс екенін бапкерлер алға тартып отыр.

ITF таэквандоның жастары ел чемпионатында топты жармақ
ITF таэквандоның жастары ел чемпионатында топты жармақ

Таэквандоның ITF түріндегі жарыста өзін өзі қорғау жаттығуы бойынша да сынақ өтеді. Әр команда арнайы көрініс құрады. Оған шымкенттіктер де дайындалуда. Бүгінде команда құрамында бірқатар өзгерістер орын алған.

Ал бұл қыздар таэквандомен енді ғана шұғылдануда
Ал бұл қыздар таэквандомен енді ғана шұғылдануда 
Бұл жастар облыс қоржынына  медаль саламыз деп жоспарлайды
Бұл жастар облыс қоржынына медаль саламыз деп жоспарлайды
Ел чемпионатында өзін өзі қорғаудан да сынақ болады
Ел чемпионатында өзін өзі қорғаудан да сынақ болады
Өзін өзі қорғауда арнайы көрініс те ұйымдастырады
Өзін өзі қорғауда арнайы көрініс те ұйымдастырады