Қарт жауынгер ерлігін дәлелдей алмай жүр. Шымкенттік Ұлан Отарбаевқа соғысқа қатысты деген мәртебеге қол жеткізу жау қамалын қиратудан да қиын болып тұр. Салдарынан қария зейнетақысына қосылатын жәрдемақыдан қағылуда.
«Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» берілген медаль да Ұлан Отарбаевқа оның екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқанын дәлелдеуге көмектескен жоқ. Айтуынша, қария 1944 жылдың 13-қыркүйегінде өз еркімен әскерге аттанады. 15-гвардияның танк полкінде үш ай оқу-жаттығуда шыңдалған сарбаз кейіннен қан майданның қақ ортасында шайқасқасады.
Негізінен, соғыс алаңында небәрі бір күн болған жауынгердің өзі ҰОС-на қатысушы ретінде танылып, ардагерге тиесілі әлеуметтік көмектерді алуға құқылы. Ал біздің кейіпкер от пен оқтың арасында 1 жылға жуық жаумен шайқасып, әскерден 1947 жылы бір-ақ оралған. Ұзын-ырғасы 3 жыл бойы жауынгер сапында болған әкенің ардагер ретінде мойындалмай отырғаны, әсіресе, ұл-қыздарының шамына тиіп отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ofu7ISTEvc8[/youtube]
Ал Ресейдің бас мұрағатында сақталған бұл анықтамада қарт кісі әскери борышын өтеген полктің соғысқан қарулы күштердің құрамына енбегені тайға таңба басқандай жазылған. Осы бір жапырақ қағаз қарт жауынгердің соғыс жылдарындағы әскердегі қызметін дәлелдеуге мүкіндік бермей отыр. Ал қарт қаһарманның балалары әкесінің Ұлы Отан соғысында бейбіт өмір үшін қолға қару алғанын дәлелдеуді перзенттік парызымыз деп біледі. Отарбаевтар әулеті әділдікке қол жеткізу үшін әлі де күресуден тайынбаймыз деп отыр.