Бір ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары өз еріктерімен жүзден аса қару тапсырған. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау мақсатында, қару қолдану арқылы және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қару» акциясы өткізілді. Іс-шара 21-сәуірінен басталған.

Тек бір ай ішінде облыс аумағында жүргізілген акция кезінде 82 азамат өз еркімен 107 қару өткізген. Сонымен қатар 84 дана тегіс ұңғылы қару, 22 дана иір ойықты кіші калибрлі винтовка және бір дана иір ойықты тапанша өткізген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vc5J4vIlvrw[/youtube]

Солардың бірі – Мақтаарал ауданының 34 жастағы тұрғыны ішкі істер органына өз еркімен иір ойықты қару тапсырған. Атап айтқанда, «Чезет» тапаншасы. Тұрғынның айтуына қарағанда ауылдағы қоқыс орындарының бірінен тауып алыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rxi9-BAqr70[/youtube]

Азаматтардың тапсырған барлық атыс қаруларын полиция қызметкерлері міндетті түрде ҚР ішкі істер министрлігінің барлық базаларынан тексереді. Тек содан кейін ғана заңсыз сақталған атыс қаруларын, жарылғыш және оқ-дәрілерді өз еркімен өткізген азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді. Бүгінгі күнде ОҚО ІІД қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарды марапаттауға сомасы жарты миллион теңгені құрайтын 10 құжат дайындауда.