Суық қарудан оқ атылған

361

Шымкентте 13 қаңтарда түнгі сағат 22:00-де жас жігіттер арасында төбелес болған. Куәгерлердің айтуынша суық қарудан оқ атылған, осыдан кейін қашып бара жатқан екі жігітті көріп қалады.

Оқиға орнынан травматикалық қарудан атылған бір оқ табылды. Аталған жәйтті Шымкент полиция департаменті растап отыр.

«Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстарын жүргізілуде. Қазіргі таңда сот – медициналық сараптама тағайындалған» деп хабарлайды Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.