Көркем гимнастикадан Азияның абсолюттік чемпионы Алия Юсупова өзі басшылық ететін спорт мектебінде іріктеу жасады. Бүгінде қалалық гимнастика мектебінде 202 гимнаст шеберлігін шыңдауда. Бұл жолғы жарысқа олардың 140-ы ғана қатысып отыр. Ал өзгелері спорттың бұл түріне биыл келгендер. Турнирде 2000-2008 жылдар арасында дүниеге келгендер сынға түсуге мүмкіндік алған.
Жарысқа қатысушылардың арасында облыс мақтанышы Сабина Әшірбаева жоқ. Өйткені, бойжеткен бұл күндері Мәскеуде оқу-жаттығу жиынында. Содан кейін ол бапкерімен бірге Беларуссияға жол тартады. Ол жақта Әлем Кубогі үшін талас өтеді.
Сондай-ақ, бұл жарыстың қорытындысы бойынша 2000, 2002 және 2003 жылы туылған қыздар арасында іріктеу жасалынады. Содан кейін 32 спортшы Астанада өтетін халықаралық жарыстың гала-концертінде өнер көрсететін болады. Алия Юсупованың жүлдесіне арналған байрақты жарыстың жалауы биыл ел ордамызда көтеріледі. Жарыс маусымның 20-22-сі аралығында өтеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XVDFaEYdNZI[/youtube]