Ислам дінін насихаттайтын бағдарлама эфирге шықпақ

245
Жиын қатысушылары

Оңтүстік телеарналары эфирінен жуырда Ислам дінінің ұстанымдары жайлы бағдарламалар көрсетілуі мүмкін. Бұл жөнінде басқарма басшылары, дінтанушы-теологтар мен мешіт имамдары қатысқан жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Жиын қатысушылары

Арнайы шарада телебағдарламаның қамтылуы тиіс тақырыптары айтылды. Аймақ басшысы телеөнім күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін мәселелерге имандылық тұрғысынан қарауға үйретуі тиіс деп отыр. Айта кетейік, басқосу облыс әкімі Асқар Исабекұлының телебағдарламаны әзірлеу жолында жұмысшы топқа тапсырма беруімен тәмамдалды.