Асқар Мырзахметов ОҚО әкімі лауазымынан босады

482

Мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі лауазымынан босатылып, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Бауыржан Байбек атқарып келген еді.

002

8 тамыз күні Астанада «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының отырысы өтті. Басқосу кезінде Елбасы Бауыржан Байбекке осы уақытқа дейін атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовты таныстырды.