Мектеп түлектеріне көлікпен қыдыруға болмайды

303

Үстіміздегі жылдың 23-25-мамыр күндері аралығында облыс көлемінде көлік апатының деңгейін төмендету мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді. Оның барысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полицейлер мен жол-патрульдік полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Әсіресе, соңғы қоңырау күні жас түлектердің көлік мініп, жүгенсіз жүйткүіне жол берілмейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандармен қатар қоғамдық тыныштықты сақтамағандар қатаң жазаланады. Әкімшілік полиция басқармасының басшылары осылай деп сендіреді. Өткен жылы 24-25-мамыр күндері облыс көлемінде 23 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдаынан 5 адам қаза тапты. Тағы 24 адам жарқаттанған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7Xtl4fvWVZQ[/youtube]