Консервіленген тамақтарды тұтынғанда сақ болғайсыз. Өңірде ботулизмге шалдыққан адамдар саны өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге артқан.
Мәселен, 2013 жылдың 5 айында аталмыш дертке ұрынғандардың саны 6 адам болса, биылғы жылдың алғашқы бес айында 15 адам тамақтан уланып отыр. Құдай сақтағанда көз жұмғандар жоқ.
Осылай деп халықты тамақтанудың қатаң ережесіне шақырып отырған облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті күннің алдағы ысуына қарай тағамдарды тоңазытқыштарда сақтап, тек балғын азықтарды қолданып, өте сақ болуға шақырады.
Марияш Сейталиева, ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы: «Бұл — өте қауіпті улану. Соңы адам өліміне де әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, уланудың алғашқы белгілері болған жағдайда өздігінен ешқандай дәрі қабылдамай, ақ халатты азаматтарға жүгінуі керек.»