«Жас жаным құштар ақ таңға». Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған осындай тақырыптағы қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шарада мүмкіндігі шектеулі болса да қоғамның тең дәрежелі мүшесі екенін көрсетуге тырысқан азаматтардың өнері жиналғандардың жанарына жас үйірді.
Екі жүзден астам мүгедек қатысқан қайырымдылық шарасынан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі өнерлі азаматтардың ән жазып, дискі, кітап шығаруына жұмсалмақ. Бұл жұмыстарды осы күні жаңадан ашылған «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшілігі ұйымдастыратын болады.
Ербек Бакиев, «Шалқар шабыт» мүгедектер бірлестігі төрайымының орынбасары: «Қоғамда мүгедектерге арналған түрлі іс-шаралар өткізілгенімен, мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін насихаттайтын жұмыстар аз. Сондықтан біз осылай қоғамдық бірлестік ашсақ деген шешімге келдік. Енді жыл бойына мүгедек жандардың өнерін бағалауға бағытталған шараларды ұйымдастырып отыратын боламыз.»