«Өміріме өнерім серік болған.» Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардың концерттік кеші өтті. «Шапағат» қайырымдылық қоры ұйымдастырған шарада өнер иелері ән салып, ақындардың өлең жолдарын оқып берді. «Жарымжан жандардың өмірінен 1 сағат» атты қойылым жиналған көпшілікте ерекше әсер қалдырды.
Еркінбай Керімбайұлы Шалтан ,»Шапағат» қайырымдылық қорының президенті: «Біз қайыршы емеспіз, біздің өмірде қолымыздан көп шаруа келеді. Ең бастысы, өзімізді-өзіміз баға алатынымызды дәлелдегіміз келеді. Ал бүгінгі кештен түскен қаржы шығынымызды жабады. Түркістаннан келіп-кететін жолақымыз бар. Ал қорға бүгінде жастар да келіп, мүше болғысы келеді. Біздің қатарымызға қосылып, өнерлерін көрсетікісі келеді-ақ. Бірақ, баратын жеріміз жоқ, олардың сиятын жері жоқ. Шынымызды айтсақ, далада жүрміз. Жеке ғимарат жоқ болған соң, бүгінгі кешті кәдімгі есік алдында дайындадық.»