Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардың қайырымдылық концерті өтеді

1057

Шымкентте «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының концерті өтеді. Қайырымдылық шарасы 10 желтоқсан – адам құқығын қорғау күніне орай, 8 желтоқсан күні сағат 16:00-де С.Сейфуллин атындағы мәдениет үйінде (бұрынғы Достық үйі) өтеді деп жоспарлануда.

"Шапағат" қайырымдылық қоры

Іс-шараны ұйымдастырушылар осындай қайырымдылық концерті арқылы мүгедек азаматтардың төзімділігін, шымдамдылығын сабырлылығын, өмірдегі жетістіктерін жастарға үлгі-өрнек етіп көрсету арқылы жастарды түрлі келеңсіздіктерден сақтандыруды мақсат етіп отыр.

Айта кету керек, «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры 2013 жылдан бері облыс көлемінде жұмыс жасап келеді. Қор тағдырдың жазуымен тауқіметі зор сынаққа тап болған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан жылуын сыйлайды.

Аталған қайырымдылық шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Шымкент қаласының жастары, өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысады. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолөнер көрмесі өткізіледі.