Жаңалықтар 

Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірді. Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін адамдарың көпшілігі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.

001

002.

003.

Осыған байланысты Шардара аудандық төтенше жағдай бөлімі мен аудандық судан құтқару қызметкерлері бірлесіп, адамдар көп жйналатын жағажайларда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар жағажайларға суға шомылуға тыйым салу белгілерін орнатып, қауіпсіздік шараларын күшейту жолдарын талқылады. Демалушылар арасындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу шомылу маусымы аяақталғанға дейін қадағалауда болатыны ескерілді.

Дереккөз: Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz