Тастанды атанған 3 жасар бүлдіршіннің туыстары табылды. Біздің арнада көрсетілген бейнематериалдан кейін балақайдың атасы мен әжесі оны алып кетпек болып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барыпты. Еске салайық, 3 жастағы балдырған қаламыздағы Театр көшесінің маңынан 28-сәуір күні табылған болатын.
Үш жасар бүлдіршіннің аты Давид болып шықты. Атасы немересін телеарнадан көріп, жағасын ұстаған. Перзенттері әке-шешесінен бөлек тұратындықтан, немересінің жоғалып кеткенінен бейхабар екен.
Борис Горочкин, бұлдіршіннің атасы: «Давидті телеарнадан көрдім. Ертеңіне-ақ орталыққа келдім. Баланы алып кетейін десем, маған бермейді. Әке-шешесі ғана алып кете алады дейді. Әкесі жұмысқа кеткен. Анасы жоқ, қыдырудан қолы тимейді. Қайда екенін білмеймін.»
Бүгінгі таңда Давидтің анасы іздестірілуде. Ал әкесі алып-ұшып, күні ертең келері сөзсіз. Бірақ, қолындағы құжаты түгел болмаса, бала берілмейді дейді орталықтағылар. Өйткені, Давидтің анасы жалғызбасты болып тіркелген көрінеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MW4LgkErJ3U[/youtube]
Сәуле Оңғарбаева, кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығының социолог-педагогы: «Қазір мәліметтер тексеріліп жатыр. Мән-жай толық анықталады. Бірақ, анасы келіп, құжаттарын көрсетпейінше, бала ешкімге берілмейді.»
Ал үш жасар баланың атасы оны тезірек алып кеткісі келеді. Немересін тастанды атандырмас үшін, барын салмақ Ол, тіпті, заңгерлердің көмегіне жүгінемін деп отыр.