Жаңалықтар 

Тағы бір бала ата-анасыз қалды

Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығындағы тастанды балалардың саны артты. Күні кеше ғана осы орталықта тәрбиеленіп жатқан 26 баланың қатарына аты-жөні белгісіз, 3-4 жасар тағы бір бүлдіршін қосылды.

аты-жөні белгісіз, жоғалған бала
Ата-анасыз қалған бала

Үш-төрт жас аралығындағы бұл бүлдіршін анық сөйлей алмайды. Ата-анасының атын атамақ түгілі, өзінің есімін де білмейді. Бейімдеу орталығындағы балалар Жони деп ат қойып алыпты. Баланың мінезі ашық, ешкімді жатырқамайды. Мұнысын психолог мамандар көпбалалы отбасынан шыққан деп болжап отыр.

Назгүл Нұрпейісова, педагог-психолог: “Көпбалалы отбасында өскен сияқты. Кез-келген жанға тез үйреніп кетеді, жатырқамайды. Тәрбиесі де жақсы. Күтімі де жақсы болған.”

Жониды Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы Театр көшесіндегі көпқабатты үйдің маңынан тапқан. 24-сәуір күні кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген балдырғанды содан бері ешкім іздеп келмепті.

Жанар Қарымбаева, ОҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары: “Баланың ата-анасы табылмаған жағдайда Шымкент қаласының білім бөлімі арқылы балалар үйіне жібереміз. Тиісті құжаттар қамқорлық бөлімінде жасалады.”

Бүлдіршін бейімдеу орталығында 3 айдан артық қала алмайды. Ата-анасынан, туыстарынан бір хабар болмаса, балалар үйін паналауына тура келеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz