Шымкентте тағы екі бала тастанды атанды

444

8 жасар ұл бала мен 5 жастағы қыз жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына екі апта бұрын жеткізілген. Содан бері оларды ешкім іздеп келмепті.

Сегіз жастағы Миша мен бес жасар Яна мұнда көршілерінің арызымен түскендерін айтады. Жалдамалы пәтерде үнемі жалғыз қалатын балдырғандардың анасы оларды ақыры тастап кетіпті. Үй шаруасын өздері атқарып, өздері тамақ істеп ішетін балдырғандарды учаскелік полиция инспекторы осында алып келіпті. Әкелері туралы мүлдем білмейді, ал аналарының жиі ұрып-соғатынын жеткізді.

Миша: «Бізді ұратын. Үнемі сендерді жетімдер үйіне жіберу керек деп айтатын. Көршілерге өзі айтты, арыз жазып, бізді әкетсін деді. Қарындасыма өзім қараймын.»

Тастанды ағайындылар орталыққа екі апта бұрын келген. Осы уақытқа дейін тірі жан іздеп келмепті. Алғашында жасқаншақтық танытқан Зелих Миша мен Яна кейіннен орталыққа үйреніп, тез тіл табысып кеткен көрінеді.

Айнұр Егізбаева, психолог: «Аналары араққа жақын көрінеді. Десе де қаладағы сән салондарының бірінде жұмыс істейді екен. Екеуінің де мінездері ашық, айналасындағылармен тез тіл табысып кетті.»

Мишаның мектепке барсам деген арманы осы орталыққа келгелі орындалған. Сегіз жастағы балдырған мектепке даярлық тобына барыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6venuOTOtOo[/youtube]

Миша мен Яна: «Анам жаңалықтардан көрсін, білсін. Менің мектепке барғым келді, оқығым келді. Одан көп нарсе сұрамадық. Енді бізді қайтып алып кеткенін қаламаймын, тек келіп-кетіп тұрса болғаны.»

Миша мен Янаның ата-анасы іздестірілуде. Егер үш айда табылмайтын болса, ата-ана құқығынан айрылады. Ал балалар жетімдер үйіне аттандырылады. Өйткені орталықта оларды бейімдеу орталығында үш айдан артық ұстауға болмайды.