«Даму-өндіріс — 2» және «Агробизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қаржылық қолдау кеңейе түспек. Енді агро-өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін іскерлер өндірістік қуаттарын кеңейтуге кеткен шығындарының 80 пайызына инвестициялық көмек ала алады.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығына құйылатын инвестиция жылдан-жылға өсіп келе жатқанымен, саланың инфрақұрылымы әлі де ақсап тұр. Сондықтан басымдық осы бағытты жақсартуға беріледі дейді мамандар.
Қаржылай көмек 20 пайыздан 80 пайызға дейін және жобаның ивестициялық түріне қарай беріледі. Бағдарлама аясында инвестицияларды тарту мақсатында келісім-шарт жасасқан инвесторлар қайсыбір салық түрлерінен босатылады.
Инвестор несиеге немесе лизингке жабдықтар мен техникалар алған жағдайда субсидиялар аванстық төлем ретінде қаржы институтына аударылады. Айта кетейік, субсидиялардың үйлестірілуін мүдделі тараптардан құралған комиссия қарайды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rAxbDzpHQ8Y[/youtube]