Кәсіппен айналысқысы келетіндерге 2,5 пайыздық несие берілуде

27

Бүгінде Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Президенттің тапсырмасына сәйкес шалғайдағы елді мекендерде өмір сүретін азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асуда.

Мәселен, қазіргі уақытта кәсіппен айналысқысы келетіндерге 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру және субсидииялау жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда Түркістан облысының әкімі жергілікті бұқарамен кездесіп, бизнес бастағысы келген адамдарға әрқашан қолдау болатынын жеткізді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Көлем бар жерде пайда да, сұраныс та болады. Біз атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын қосамыз. Олар  4 ауылдық округінде шектеліп қалмаған болуы керек. Қанша ауданда АӘК алушылар бар, қай ауыл болса да қатыса беруіне рұқсат».

Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіліп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Бұған дейін бұл жоба пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш рет жүргізілген. Нәтижесінде өңірдегі ауыл шаруашылық саласы оң көрсеткіш көрсетті.