Жаңалықтар 

Нан бағасы тұрақтала бастады

Шымкентте нан бағасы қайта қалпына келе бастады. Осыған дейінгі жаңалықтарымызда айтқанымыздай, ас атасының құны бір күнде 15 теңгеге қымбаттап кеткен болатын. Мұның себебін жергілікті шенеуніктер тікелей ұн жеткізуші оператордың наубайханаларға 97 миллион теңге көлік шығынының уақтылы төленбеуінен деп түсіндірді.

Аяқ астынан қала дүкендерінде 50 теңгеден сатылған әлеуметтік нанның нарқы қазір түсті. Ас атасы бүгін қайта 35 теңгеден сөреге шығарылды. Дегенмен, кейбір сауда нүктелерінде құнды тағам 40 теңгеден де сатылып жатыр. Мұның мәнісін шенеуніктер өткен тәуліктерде нарықтық бағада алынған ұн бағасымен байланыстырып отыр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz