Оңтүстік қолөнершілерінің V облыстық көрмесі өтті

«Оңтүстік көркі — Красота юга». Облыстық туризм басқармасы облыстағы қолөнер шеберлері мен қолданбалы зат жасаушылардың облыстық көрмесін өткізді.

қолөнер көрмесіОблыс бойынша V рет ұйымдастырылған көрмені өткізудегі мақсат — дара. Ол өңірдегі ішкі туризмді дамыту. Қуантарлығы сол, облыста аталмыш сала қарқын алып, дамып келеді екен. Мамандардың есептеуінше, өзіміздегі тарихи-танымдық жерлерге саяхат жасау өткен жылдармен салыстырғанда 50 пайызға өскен.

қолөнер көрмесі

Жасұлан Төлебеков, облыстық туризм басқармасының бас маманы: «Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бізде ішкі туризм өткен жылдармен салыстырғанда 50 пайызға өскен. Мұны әр жылға шақсақ, жыл сайын аталған саланы 30 пайызға дамытып отырмыз деген сөз. Мәселен, тек Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне күніне мыңдаған адам келеді екен. Бірақ онда есеп жүрмеуіне байланысты 100 адам ғана есепке алынуы мүмкін. Қалғаны есептелмейді. Осыған байланысты, біз әрбір тарихи-танымдық нысандарға «туристік карта» ұсынып отырмыз. Дәл сонда туристердің нақты саны жазылатын болады. Егер осы есепті дұрыс іске асырсақ, біздегі ішкі туризмнің даму қарқыны одан әрі жоғары көтеріледі. 2014 жылы осындай картаның есебінен біздегі ішкі туризм деңгейі 70 пайызға жетеді деп болжап отырмыз».

қолөнер көрмесіОблыстық көрменің қорытындысы бойынша, «Ең үздік қолөнер шебері» аталымына Желдібаев Бақыт ие болса, «Ең үздік сувенирдің» қожайыны Болатбек Бейісбеков болып танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=419HyZMPA68[/youtube]