Шымкентте «Халық мұрасы-халық қазынасы» қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

187

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қолөнерді бағалаушы көрме сүйер қауым назарына осы жылдың 4 маусым күні Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай Көрме орталығының ұйымдастыруымен «Халық мұрасы-халық қазынасы» қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрме-жәрмеңкеге өңіріміздің он саусағынан өнері тамған шеберлер өз туындыларын халыққа паш етеді.

Атап айтқанда:
– ағаштан, теріден, қыштан, сүйектен жасалған бұйымдар;
– тоқыма және киізден жасалған бұйымдар;
– қыз жасауы, ұлттық киім, гобелен;
– зергерлік әшекейлер, қайталанбас авторлық жұмыстар;
– суретшілердің төл туындылары және түрлі материалдардан жасалған бұйымдар.

Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ұлттық қолөнерімізді қолдауда жарысайық!

Біздің мекен жайымыз: Шымкент қ., Н.Назарбаев даңғылы 12, «Көрме орталығы» МКҚК.

Байланыс телефоны: 8 702 962 80 78
Өтетін күндері, уақыты: 4 маусым сағ.11.00-18.00