Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

1430

Шымкентте қолөнершілер көрмесі өтті. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ұйымдастырылған шараға өңірімізден 15-ке жуық шебер шақыртылған.

Мақсат – бабалар мұрасы болған өнерді насихаттау. Көрмеде 200-ге тарта туынды қойылды. Жұрттың назарына күміс әшекейлер, ағаштан жасалған бұйымдар, торсық, қобыз, астау сынды құнды заттар мен масатыдан құрақталған көрпелер ұсынылды. Сонымен қатар, шеберлер көрме барысында жиіп иіру, кілем тоқу әдістерін де көрсетті. Ал, жергілікті зергерлер көздің жауын алатын қазақи нақыштағы бұйымдарға шетелдіктердің қызығушылығы артып келе жатқанын айтады. 

Бибіажар Иманбекқызы, қолөнерші: «Біздің бұйымдарды өзімізден гөрі, шетелдіктер көбірек қызығады. Таза өнімдер. Бірегей. Ешқашан қайталанбайды. Сондықтан олардың арасында сұраныс жоғары».  

       Айя Мүтәлі