Облыстық қазақ драма театры академиялық театр атағына ұсынылды

469

Облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрына академиялық театр атағы берілетін күн алыс емес. Бұл ақпаратты өнер ұжымының басшысы Бастарбек Пірімбетовтың өзінен естідік. Театр маусымының жабылуы шарасында өнерсүйер қауым сүйікті әртістеріне сый-сыяпат жасап, өнерге деген құрмет-ықыласын білдірді.

Өнер ұжымында 109 әртістер мен шығармашылық топ қызмет етеді
Өнер ұжымында 109 әртіс пен шығармашылық топ қызмет етеді

Бұл кеш жыл бойы атқарылған жемісті жұмыстарды айтып, көрерменге есеп беруден басталды. Көпшіліктің жақсы баға бергенін олардың ықыласынан-ақ көруге болатын еді. Бұл — талант мен талапты бағалаудың үлгісі іспетті.

Бастарбек Пірімбетов, обыстық қазақ драма театрының директоры: «Облыстық театрлар арасында біз бірінші рет академиялық атаққа ұсынылып отырмыз. Қазір құжаттардың барлығы мәдениет министрлігінде, үкіметтің қарауында жатыр. Қыркүйек айында Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан театрлар фестиваліне қатысуды жоспарлап отырмыз. Және Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов театрына бір апталық гастрольдік сапарымыз бар және де Ақтау қаласына гастрольдік іс-сапарды жоспарлап отырмыз.»

"Ойран" қойылымы
«Ойран» қойылымы

Театр маусымы драматург Баянғали Әлімжановтың тырнақалды туындысымен жабылды. Жуырда ғана премьерасы өткен еңбекте Арман есімді жеткіншектің өмір жолындағы адасуы, одан шығу жолдары сахналанады. Анасы Шекер перзентін құтқаруға қанша талпынса да әрекеті нәтижесіз болады. Қиындыққа бөгет бола алмайды. Соңында теріс ағымның жетегіне амалсыз өзі де ереді. Қоғамның өзекті мәселесін қаузаған бұл спектакльден бөлек театр ұжымы осы маусымда 7 бірдей премьералық қойылымды сахналаған. Оның бәріне көрермен өз бағасын берді.

Көрерменнің қарасы қалың

Динара Тәжібаева, көрермен: «Мен осы театрға жиі келемін. Тіпті, мұнда қойылған әрбір спектакль көз алдымда. «Жеңгетай», «Ойран», «Бақ іздеген бейбақтар» сынды туындылардың тәрбиелік мәзі зор. Ал бүгінгі қойылымда жастардың діни экстремизм мен терроризмге бой алдырып, жолдан адасуы айтылады. Сондықтан мен өзімнің оқушыларымды ерте келдім. Сабақ барысында оларға қанша айтқаныммен, көзбен көргендей әсерде болмайды. Алдағы уақытта да ұжымнан мән-маңызы үлкен қойылымдар күтеміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cMiSvpTxAZY[/youtube]

Бүгінде театрда шығармашылық топ пен әртістер бөлімінде бас-аяғы 109 адам қызмет етеді. Оны — мәдениет қайраткері, үшеуі — мәдениет саласының үздігі, екеуі — Елбасының құрмет грамотасының иегерлері. Сегіз әртіс облысқа еңбегі сіңгені үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталған. Ал жаңа, 81-маусымының шымылдығын тетар ұжымы М.Әуезовтың «Қаракөз» классикалық қойылымымен түрмекші. Оған дейін демалыста болады.