Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры жөнделеді

926
Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры

Облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының хасбетін жөндеудің 2 жылға созылған жұмыстары аяқталды. Бұл үшін қазынадын 200 миллион теңге бөлінген еді.

Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры
Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры

Бірақ өнер ұжымы мұнда жаңа маусымды бастамайды. Себебі театр алдағы 4 ай бойы күрделі жөнделмек. Шарапаты мол шара үшін бюджеттен тағы 500 миллион теңдеген астам қаржы бөлініп отыр. Мәдени нысанның енді ішкі жұмыстары, оның ішінде жылу жүйесі, бірінші және екінші қабаттағы баспалдақтар, кіреберіс дәліз, тіпті, сахна мен көрермендер залындағы орындықтар да толығымен ауыстыралады екен.

Естеріңізде болса, театр соңғы рет 9 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Ал өнер ошағының іргесі 1967 жылы қаланған. Айта кетейік, осы «қара шаңырақта» қазақ және орыс театрын қоса алғанда 200-ден астам адам қызмет етеді. Сондықтан, өнер ұжымы күрделі жөндеудің шығармашылық жағдайда сай жүргізілгенін қалайды.

Нысанның орындықтары да ауыстырылмақ

Игорь Вербицкий, облыстық орыс драма театрының директоры: «Біздегі сахна жарықтары толық жұмыс істемейді, екеуі ғана жанып тұрады. Және мынау жабдықтардың барлығын ауыстыру қажет. Ескірген, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенмен ол болмайды. Себебі, барлығы сонау Кеңес дәуірінен қалған. Барлығы қазір әжеміздің сандығына сақтауға ғана жарайды. Тағы бір үлкен мәселе – бұл театрдың дауыстың таралуы талапқа сай келмейді. Сахнадан шығатын дауыс айналып келіп, көрермендердің барлығын қамтуы керек, қазір ондай емес, көрерменнің бірі естісе, екіншісіне дауыс жетпейді де. Мұнда дауыс колонкалары деген мүлдем жоқ.»