Оразаның 1 күндік қарызын 60 күн өтейсіз

755

28- маусым басталатын оразада оңтүстік халқы таңғы сағат 3:37 де ауыз бекітеді. Рамазан айы 30 күнге созылып, 27-шілде де аяқталмақ. Күннің аптап ыстығына тура келген биылғы оразада жұмыс барысымен қатты шаршаған азаматтар таңда тұрып, сәресіні ішуге ерінбегені жөн дейді діндарлар.

ОҚО-да 762 мешіт бар
ОҚО-да 762 мешіт бар

Тым болмағанда ауыз судан бір ұрттап, жаратушыға разышылығын білдіргені абзал. Осы орайда республикамыздың бас мүфтиі қалың жамағатқа үндеу жариялады. Онда ол мұсылман бауырларды рамазан айында шүкіршіл болуға шақырған.

Бейбіт Мырзагелдиев облыстың бас имамы: «Алла разышылығы үшін сауда істеп жүрген кәсіпкер азаматтарымызға айтарымыз, осы қасиетті рамазан айында Алла разышылығын үміт еткен хәлде, өзінің жасап отырған саудасын 10 пайызға дейін. Оданда жоғары жеңілдік жаса са. Кем дегенде жарнамалық жағдай жаса са. Мына рамазан айының келуіне орай мен өзімнің сатып жатқан тауарларымды, затымды 10,15,20 пайызға арзандаттым. Бұл айда маған пайда емес, сауап керек деген сияқты болса.»

Сонымен қатар, республикамыздың діни басқармасы ораза қарсаңындағы пітір-садақаның көлемін 200 теңге деп, бекітіпті. Өңіріміздің тұрғындары бір тәулікте 18 сағат ауыз бекітеді. Ал, басқарманың облысымыздағы өкілдігі, оразаның отыз күнінде түрлі игі шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр.

 Бейбіт Мырзагелдиев, облыстың бас имамы: «Осы рамазан айының 1-күні осы ата-ананың құрметіне арнасақ, жер-жерлерде осы ата-анаға игілікті іс жасау перзенттік борыш екенін түсіндірсе. Екінші күні ата-ананың баласының алдындағы міндетін. Үшінші күні көрші ақысы туралы, төртінші күні қайырымдылық. Әр сәрсенбіде қайырымдылық шараларын ұйымдастырсақ деп отырмыз. Фидия дегеніміз- бір күндік оразадағы адамның бір күндік тамағы. Біздің облысымызда фидияны 1000 теңге деп белгілеп отырмыз. Оны да жалпы кәріліктен ораза ұстай алмаған немесе созылмалы, емделмейтін ауырумен ауыратын мұсылман жамағаттар үшін фидияның көлемі 1000 теңге боп белгіленіп отыр.»

Десе де, кәрілердің қатарына қай жастағы азаматтарды жатқызуға болады? Қазір Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осы сауал төңірегінде бас қатырып отыр. Ал, дені сау азаматтар нәпсісне беріліп, ораза уақытын бұзар болса, рамазан айына қарыз бір күннің өтемі, алпыс күнге созылады. Сондай-ақ, рамазан айында жолға шыққан және науқастанған азаматтар, кейіннен сол күндерді өтейтін болады.