Пітір садақа 200 теңге болып белгіленді

24-017Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге болып отыр. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді, – дейді Мұхамеджан Естеміров.

Пітір сөзі (араб тілінде) – «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақа – күнделікті қолданатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшерінен (85 гм алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіб садақа.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, оразаның айт намазы оқылуына дейін беру керек.

Сонымен қатар, Ислам дінінде мына төрт нәрсемен пітір беріледі. Немесе оның құны төленуі керек.

1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіб болған мөлшері: 1 кг. 459 грамм. Яки осы мөлшердегі ақшасы.

2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіб болаған мөлшері: 2 кг 918 грамм немесе осы мөлшердегі ақшасы.

Аллаһ тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін, Әмин!

Пернебай САПАР

24-019

24-020

24-021