Оңтүстің шілінгір ыстығы шыдатпай барады. Осындайда тұрғындардың көлеңке іздеп, саясын паналайтын жерге асығатыны да бар. Шымкентегі субұрқақтарды күтіп ұстау үшін биыл қазынадан 80 миллон тенге, ал саябақтар мен скверлерге 149 миллион теңге бөлініпті. Бүгінгі таңда қалада Байтұрсынов,Тыныбаев көшелерінің бойындағы және 17 шағын аудандағы скверді қайта құру жоспарланып отыр.
Белгілі сазгер Сейдулла Бәйтерековтың ескерткіші орнатылған демалыс аймағы Шымкенттегі ең соңғы және жаңа орын. «Нұрсәт» шағынауданының халқы күн санап, өскен сайын осында демалуға ниет білдіретіндер де көбейіп келеді. Тек отырған орынды күтіп ұстау қиын болып тұр.
Қаладағы барлық демалыс аймағын күтіп ұстау «Жасыл қала» МКК құзырына берілген. Ол үшін бюджеттен 149 миллион теңге қаражат бөлініпті биылға. Жыл сайын Шымкентегі көлеңкелі саяжолдар мен демалыс орындарының саны бүгінде 30-ға жеткен. Алай да тек орыны қалған шағын бақтар да бар. Естеріңізде болса, Әл- Фараби алаңындағы жасыл желектен қазірде қазылған ор ғана қалды. Драма театрдың артындағы демалыс орынында зәулім ғимарат бой көтеріп келеді. Ал Шымкент қонақ үйінің жаны темір тормен қоршалып, қараусыз жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VLu-xNm9ug0[/youtube]
Бір өкініштісі, бюджет қаржысына халық игілігіне жасалған орындарды аялау шаруасы оңбай тұр бізде. Бір ғана мысал: Батыр Әлия Молдағұлова ескерткішінің мына халін көріп, көңілің құлазиды. Ескерткіштерді күтіп ұстап, ескірген ағаштарды бұтау үшін қала әкімдігінің ТҮКШ бөліміне қыруар қаражат бөлінетіндігі айтпаса да түсінікті. Ал ондағы мамандарға шұқып көрсетпесе, көрмес түйені де көрместің кейіпінде .