Жалғыз өзі жиырма көлікті ұрлаған

Абай аудандық полиция бөлімінің сақшылары 20 автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдіктіні құрықтады. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 20 миллион теңгеден асады. Тергеу кезінде анық болғаны — 25 жастағы жігіт көлік ұрлауды бір жарым жылдан бері кәсіп қылып келген екен.

2

Оның үйінен айғақтық зат ретінде екі «Мазда» маркалы автокөлік тәркіленіп,алынды. Сезікті жалғыз өзі қылмыс жасаған. Ол алдымен ұрлайтын темір тұлпарды таңдап, дабыл қаққышы бар-жоғын тексеріп алады. Содан кейін арам ойын жүзеге асырып келген. Заңсыз айдап әкеткен автокөліктерді ол үйіне алып келіп, бөлшектеп сатып отырған.

 

[youtube]www.youtube.com/watch?v=Nb1a36Eww_8[/youtube]