Қылмыс саны артып келеді. Соңғы жарты жыл көлемінде Абай полиция бөлімінде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артық.
Айта кетейік, Шымкентте тіркелген қылмыстық әрекеттердің 23 пайызы осы ауданның көлемінде жасалады. Аудан аумағында орын алған қылмыстардың жартысынан астамын ұрлық деректері құрап отыр. Мамандар, әсіресе, беймезгілде пәтерге баса-көктеп кіріп,тонаушылық жасайтын қылмыскерлердің көбейіп отырғанына алаңдаулы. Дегенмен, сала мамандары жыл өткен сайын кісі өлімі, қарақшылық сияқты ауыр қылмыс түрлерінің азайып отырғанына шүкіршілік етеді.