«Батыр Шапағаты» медалі табысталды

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі А. Путейкоға Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалі табысталды.

33-006

Марапатты ТМД-ға қатысушы елдер үкімет басшыларының Кеңесі жанындағы интернационалист жауынгерлер ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ш. Өтегенов табыстады.

Шәріпбай Өтегенов өз сөзінде ОҚО ТЖД бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Александр Михайлович Путейконың Ауған соғысы ардагерлеріне көрсетіп жатқан қамқорлығын ерекше атап өтті. Өз кезегінде Александр Путейко: «Интернационалист жауынгерлердің ерлігі – бүгінгі жас ұрпақты патриоттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен септігін тигізеді. Сіздер қашанда зор құрмет пен қошеметке лайықсыздар. Арамызда аман-сау жүріңіздер. Ешқашан соғыс болмасын», – деп тілек білдірді.

ОҚО ТЖД баспасөз қызметі

«Оңтүстік Рабат», №33, 13.08.2014