Шымкентке жаңа құтқару техникасы жеткізілді

540

Жергілікті құтқарушылар жаңа техникаға қол жеткізді. Жол талғамайтын «Трекол» маркалы машина селде, қар құрсауында қалғандарды құтқаруға арналған.

001

Ресейде шығарылған алты дөңгелекті арнайы техника «Газель» көлігінің базасында жасалған. GPS бағыттаушымен жабдықталған «Трэкол» көлігі ауа райының кез келген мезгілінде көзді ашып-жұмғанша оқиға орнына жетіп барады. Көлік жолсызда, су тасқынында, боранда, зілзала және жаппай қирау жағдайында апатты аймақтардан халықты көшіруде таптырмайтын техника.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=prWF231vftw[/youtube]

«Трэкол» құтқару көлігі 70 шақырым жерді 1 сағаттың ішінде жүріп өтеді. Көліктің енді дөңгелектері 2 метр қарды жарып өтіп, саз-балқышты оңай еңсереді. Сыйымдылығы 10 адамға лайықталған.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=qmZrccciU10[/youtube]

Айта кетейік, Қазақстан мұндай көліктің үшеуі ғана бар. Осыған дейін Астана мен Алматы қалаларында сынақтан өткен тың техниканы енді жергілікті құтқарушылар да пайдаланатын болады.