Туристік компаниялардың жауапкершілігі артпақ

438
енді саяхатшылар сақтандырылады
енді саяхатшылар сақтандырылады
енді саяхатшылар сақтандырылады

Жаз басталғалы елімізде екі бірдей туристік компания банкротқа ұшыраған. Соның салдарынан мыңдаған жерлесіміздің шетелге саяхат жасау туралы арманы көкке ұшты. Туристік қатынастарға қатысты осындай дау-дамайлар, тіпті, қолданыстағы заңнамаларға өзгерту енгізуге де сеп болды. Енді туристік компаниялар жаңа ережелер бойынша жұміс істейтін болады.

Жаңа жүйеге сәйкес, туристік операторлардың жауапкершілігі арта түспек. Туристік компаниялар келесі маусымнан бастап клиенттерін сақтандыруды мойнына алады. Егер талап күшіне енсе, саяхатшылар қандай да бір кедергілерге тап болған жағдайда шығынын қайтарып алуға құқылы.

Биылғы демалыс ұмытылмастай болды. Шетелге саяхатқа жиналған жерлестіреміз кедергілерге тап болып, әбден әуре-сарсаңға салынды. Бірі діттеген жерлеріне жете алмай, әуежайларға қонуға мәжбүр болса, екіншісі тіпті қонақүйден қуылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=toIQYryGXNc[/youtube]

Сыртқы және ішкі туризмнің түйіткілдері тұтынушылар құқын қорғау департаментінде де талқыға түсті. Айта кетейік, биылғы демалыс маусымы шымкенттік турагенттіктер де оңай түскен жоқ. Туристік операторлардың кесірінен агеттіктер шығынға белшеден батты.