Оңтүстікте жас ақындар мүшәйрасы өтеді

425
Жас ақындар үшін мүшәйра қол алынбақ

Таяуда Оңтүстікте жорналшылар үшін халықаралық семинар сабақ өтеді. Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли БАҚ өкілдерімен өткен басқосуда мәлімдеді. Айтуынша, бұл бастама төртінші билік саналатын тілшілердің белсенділігін арттырады. Басқарма «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдық меретойын да ұмыт қалдырмады. 27-қыркүйек күні футболдан турнир өтпек. Ал жас қаламгерлер үшін жыр-мүшәйраны қолға алынған.

Жорналшылар үшін халықаралық семинар сабақ өтеді

«Сен жанбасаң лапылдап!» тақырыбы аясындағы бәсекеге белгілі ақын-жазушылар Мархабат Байғұт, Қалқаман Сарин, Ханбибі Есенқаразы төрелік етеді. Жеңімпаздардың есімі 10-желтоқсан күні жарияланатын болады. Жыр байқауға 14-29 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Бірақ үміткерге қойылатын талап бұл ғана емес.

Берік Уәли, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: «Жас ақындар міндетті түрде Оңтүстік Қазақстанның тұрғыны болуы шарт. Себебі, сайыс аймақтық болғандықтан, біз осы облыстың жас қаламгеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Оңтүстіктің тумалары «Тәуелсіздік – тірегім», «Оңтүстігім -жыр елім» деген тақырыптарға өлең жазуы қажет. Ал үшіншісі – еркін тақырыптағы өлеңін ұсынады. Ақындарды марапаттау рәсімін де кең ауқымда ұйымдастырып, өткізгелі отырмыз.»