Шымкент зообағы жаңа жануарлармен толықты

Шымкент зообағы тағы да аң-құстармен толықты. Носуха, Орикс және Эму түйеқұсы Ресейдің Красноярск қаласынан әкелінген. Жергілікті жануарлар бағында бұрын-соңды болмаған аңдарды сатып алуға қазынадан 2 миллиондай теңге жұмсалыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RlFOeZtw7nU[/youtube]

Шымкент зообағына әкелінген бұл жануарлар жұбы – кәдімгі орикс деп аталады. Антилопа тұқымдасына жататын жануарлардың келгеніне 3 күннен енді асты. Негізінен құрғақ және шөлейт жерлерді мекендейтін жұптұяқтылар әлі ақ мұнда үйреніп кетеді дейді мамандар.

Кәдімгі орикс

Кәдімгі орикс

Жануарлар бағының кезекті көз қуанышы – носуха. Латын тілінде бұл сүтқоректіні «насуа» деп атайды. Қазақша баламасы әзірге табылмаған жануар борсыққа аздап ұқсағанымен, қимылы ширақ. Құйрығы ұзын. Еліміз бойынша Алматы мен Қарағанды зообағынада ғана тіршілік етеді.

Носуха

Носуха

Носуха

Красноярдан сатып алынған үшінші жануар – австралиялық ему түйеқұсы. Бұған дейін жергілікті жануарлар бағында мұндай екі құс болған. Бірақ олар ұрғашы болатын дейді. Ал жаңадан әкелінген бұл құс – ему түйеқұсының қоразы. Демек, Алла бұйыртса алдағы уақытта зообақта құстың мұндай түрлері көбейеді деген сөз.

Эму түйеқұсы

Эму түйеқұсы

Эму түйеқұсы

Сөйтіп, Шымкент зообағындағы аң-құстың түрі 145-тен 147-ге көбейді. 2 мыңнан астам жануар бағып келе жатқан мамандар болашақта аң-құстың санын одан әрі көбейтеміз дейді. Бұл жұмыстардың барлығы жаңа салынып жатқан заманауи зообақтың экспозияциялық бөлігіне дайындық саналады.