Шымкентте жанармай тапшы

457

Шымкентте жанар-жағармай тапшы. Автокөлік иелері ең жиі қолданатын АИ 92 маркалы бензиннің сатылуына шектеу қойылып отыр. Ал бар жерлерде ұзынсонар кезек.

003

Жеке көлігі бар жүргізушілердің бірі – Балжан Ботабекова бензин іздеп, бүкіл қаланы шарлап шыққанын айтады. Кейбір жанармай құю бекеттерінде 95 маркалы жанармай жоқ дейді. Болған күнде небәрі 1 мың теңгеге ғана өлшеп, құйып береді екен. Ал бағасы шарықтап тұр. Мұндай аз мөлшердегі бензинмен діттеген жеріме жете алмай, діңкеміз құрып жүр дейді жүргізуші.

[youtube]http://youtu.be/UE0GtStCIN4[/youtube]

Өтімді сұйық отынның тапшылығы бүгінде көліктегілердің көңілін күпті етіп отыр. Қымбаттап кеткен бағасына да көндіккен жүргізуші қауым тым болмаса сол бензин еркін сатылса дейді. Ал жанар-жағармай қауымдастығының өкілдері мұндай келеңсіздікті елімізге сырттан тасымалданып жатқан бензин қорының аздығымен байланыстырады.

Айта кетейік, бізге қажетті сұйық отынның 40 пайызын бүгінде көрші Ресейден сатып алып отырмыз. Жауаптылар тапшылықты жою үшін тиісті шаралардың жүргізіліп жатқанын айтады.

[youtube]http://youtu.be/YA4pb7P4ZMM[/youtube]

Ал жүргізушілер тапшылық қолдан жасалып отыр, бұл жекелеген компанияларлық құйтырлығы деп есептейді. Бензиннен қағылып, наразы болған жүргізушілер қауымының бұл пікірін қауымдастықтағылар да жоққа шығармайды. Нарықтағы бұл ахуалды оңтайлы пайдаланғысы келетін кейбір пысықайлар тапшылықты тіпті үдетіп отыруы мүмкін.

[youtube]http://youtu.be/ZqMynvRpiH8[/youtube]

Жауаптылар сырттан тасымалданатын бензин қорына байланысты түйткілдердің түйіні бір айдың көлемінде тарқатылады деп отыр. Ал оған дейін темір тұлпар тізгіндегендердің сұйық отынды құнттап жұмсаудан басқа амалы жоқ.