Жастар «Ерлік» тақтасы маңын тазалады

454

Ескі мазараттағы «Ерлік» тақтасы ұмытылған жоқ. Қала күні мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері әскерилер жерленген орынға арнайы барып, күл-қоқыстан тазартты.

Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары сенбілік ұйымдастырды
Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары сенбілік ұйымдастырды
Қоғамдық шараға мектеп оқушылары да қатысты
Қоғамдық шараға мектеп оқушылары да қатысты

Арам шөп пен жапырақтар төгілген «Ерлік» тақташасын сыпырғы және тырмалармен жасақтанған Еңбекші аудандық әкімдігінің ұжымы, мектеп оқушылары және студенттер тазалауға кірісті. Биология пәнінің ұстазы Алексей Никифоров қоғамдық шараға бір сынып оқушыларын ертіп келген. Жас педагог бұл қадам шәкірттерді тазалыққа ғана емес, ерлікке деген құрметке шақырады деп отыр.

Алексей Никифоров, №30 мектептің мұғалімі: «Көптеген оқушы осы моладан өздерінің арғы аталарының мазарын тапты. Оның маңайын мұнтаздай етіп тазалап жүр. Олардың өміржолы мен ерен еңбектерін де сұрастырып біліп, қазір майдан алаңындағы ерліктерін жатқа айтады. Бұл оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырады. Отанды сүюге баулиды».

Жастар темір торды да бояды

Белсенділер батырлар картасында ай сайын сенбілік өткізгенімен, зираттағы көрініс тым басқа. Құлпытастар көз алдыңда бөлініп жатыр. Шенеуніктер қоқысты тазалап, орынды бояғанымен, мазардың жағдайы мәз емес. Оның талқандалуын тек күрделі жөндеу жұмыстары ғана тоқтата алатындай.

Ғалымжан  Ілясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Жастардың бізбен бірге келіп, мазаратты тазалап жатқанын көріп, қуанып отырмыз. Олар бейбіт заманның қалай келгенін де білуі тиіс. Алдағы уақытта да шара жалғасын табады».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=q-HYcXPEdUU[/youtube]

Айта кетейік, бүгінде зиратқа Ұлы Отан соғысы кезінде шымкенттік емханаларда көз жұмған 53 сарбаз көмілген. Оның екеуі – Кеңес Одағының батыры. Ал сенбілікті қолға алған әкімдік тарапы мұндай қоғамдық шараларға қатысқан жастар азаттық таңын әперген ерлер мен олардың жасаған ерліктерін ұмытпайды деп сенеді.