17-қазан Шымкентте рақымшылық күні деп атап өтілді. Осыған орай қала әкімшілігінің өкілдері шаһардың ең қарт және ең жас тұрғынын құттықтады. Жыл сайын қала күні мерекесіне орай өткізілетін шара биыл да жалғасын тапты.
Қала басшысы Дархан Сатыбалды таңсәріден шаһардың ең қарт тұрғынын үйіне барып құттықтай барды. Шымкенттің ең қарт тұрғыны — Алпа Есжанова. 105 жастағы әжей бүгінде 12 немере, 24 шөбере, екі шөпшек сүйіп отыр. Кейуана Ұлы Отан соғысы жылдарында «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталған. Қария үйіне арнайы келген басшыларға ақ батасын берді.
Ал қаланың ең жас азаматының бірі — 16-қазан күні түнде дүниеге келген Шынарбек Алдияр Оразбекұлы. Балақай жас отбасының екінші баласы. Шақалақтың ата-анасын қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова құттықтап, салтанатты түрде туу туралы куәлігін тапсырды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=s2zAqyAWRNE[/youtube]
Айта өтейік, биылғы жылдың 9 айында Шымкентте 18 мыңнан аса сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 625 нәрестеге артық.