«Асар» шағынауданының халқы қыс ауасында ауыз сусыз қалды. Мұнда көлемі 300 милиметрлік құбыр жарылған. Атқылаған суды «Су ресурстары — Маркетинг» жауапкершіліг шектеулі серіктестігінің мамандары тоқтатыпты.
Енді жарылған құбырды қалпына келтіру үшін мердігер «Отау строй» мекемесі асығар емес дейді су мамандары. Айта кетейік, «Асар» шағынауданында 8 мыңға жуық оралман ағайын тұрады. Мұнда 4 балабақша мен екі мектеп бар.
[youtube]http://youtu.be/QIWTkyjQWwY[/youtube]
Бір тәуліктен бері сусыз отырған «Асардағы» ақсақалдар ашулы. «Отау строй» ЖШС орнатқан құбыр өткен жылы 15 рет, биыл 4 рет жарылды дейді олар. Ол аздай, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің мамандары аталған мердігердің жүргізгені — кәріз жүйесі дегенді алға тартады. Су таратушылар мұндай олқылыққа жол берген компанияны сотқа береміз деп отыр.