Úı Oqys oqıǵa Құрылыстан өрт шықты

Құрылыстан өрт шықты

Шымкент қаласының Ленгір тасжолындағы «Оңтүстік арнайы экономикалық аймағының» аумағындағы құрылыс алаңында өрт шықты.

001Өртке оранған екі темір дүнгіршектің жалпы көлемі 24 шаршы метрді құрайды. Өртті ауыздықтауға 6 арнайы техника мен 32 адамнан құралған жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің беті сағат 18:28-де қайтарылып, сағат 19:47-де толығымен сөндірілді.