Оңтүстікте гофрокартон шығарылады

351
зауыттың құрал-жабдықтары

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы негізінде  «Kazbiolife» зауыты ашылды. Гофрокартон шығаратын зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр.

кортон зауытының жұмысшылары

Айдарбек Ибрагимов, зауыттың инженері: «Бізді қытай мамандары келіп оқытты. Үш айдай болды жұмысты бастағанымызға. Жалақыға шағым жоқ. Бала-шаға бағуға жетеді. Екі мезгіл ыстық тамағы бар. Алыстан келіп істейтін жұмысшыларға жатын орын да бар.»

зауыттың құрал-жабдықтары

Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Ресейден, Алматыдан алдырып, жылына 63 млн. шаршы метр картон шығару мүмкіндігіне ие. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне келіп, жұмыс барысымен танысқан өңір басшысы биыл картаға енген жобалардың қауқары қарқынды екенін айтты. Әкім картон шығаруды қолға алған кәсіпорынның табысы мол болатынына сенімді.

Асқар Мырзабеков, облыс әкімі: «Сұранысы қарапайым өнім болғанымен, сұраныс өте жоғары. Тауардың өтімділігі артуда. Еліміздің сұранысын қанағаттандырады деп ойлаймын. Айта өтейік, Оңтүстікте «Бизнестің жол картасы — 2020″ бағдарламасына енген 223 жобаның биыл 104-і кіске қосылған. Ал жылдың соңына дейін тағы 40 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр.»

дайын өнім
Дайын өнім

Өндірістің жұмысы қарқынды. Сондықтан болар, жоба жүзеге асқалы бері нарықтағы картонның бағасы төмендеген. Отандық өнімге сұраныс та артып отыр.

Ұлан Махамбетов, «Kazbiolife» зауытының директоры: «ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан тапсырыс көп. Шикізаттың үштен бірі — отандық өнім. Өзіміздің Алматының қағаздарын қолданамыз.»