Шымкентте төрт бірдей үйдің пәтер кілттері табыс етілді. Ұлы Отан соғысының 12 ардагері мен 132 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала коныс тойын тойлауда.
Пәтер кезегінде жылдар бойы тұрған отбасыларға «Нұрсәт» шағынауданынан бой көтерген 9 қабатты зәулім үйлерден баспана берілді. Айта кетейік, бүгінде облыста үй кезегінде тұрғандар саны 19 мың адамға жуықтайды. Билік өкілдері баспанаға зәру жандардың сұранысын алдағы бес жыл көлемінде шешеміз деп отыр.
Мұндай қуанышқа жуырда жас отбасылары кенеледі. Жауаптылар жыл соңына дейін қос бірдей зәулім үйдің пәтер кілттерін осы санатағы азаматарға табыс етеміз деп отыр.