Шымкентте жүрекке жаңа әдіспен ота жасалды

324

Жүрекке жаңа әдіспен жасалған отаның нәтижесі жаман емес. Облыстық кардиологиялық орталықта осыдан бір апта бұрын алғаш рет жүректің туа біткен ақауын коррекциялау бойынша операциялар мини инвазивті торакотомдық ену арқылы жасала бастаған болатын.

005

Алты науқастың төртеуіне жаңа әдіспен, яғни, төс сүйегін кеспестен ота жасалды. Бұл аурудың тез оңалуына септігін тигізеді әрі тыртықтар болмайды. Ал екеуінің жағдайы күрделі болғандықтан, ескіше әдіспен ота жасалды. Бұған дейін тек республикалық деңгейде жүрекке жаңа әдіспен ота жасаудың бұл түрі Шымкентте енді қолға алынған. Шетелде білімін жетілдіріп келген мұндағы кардиолог-дәрігерлер әрі қарай жұмысты жандандырамыз деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=G88RWPCpswY[/youtube]