Төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте тұр

504

Соңғы сағаттарда келіп түскен ақпарат. Қолайсыз ауа райының жолдарға кері әсері болмайды. Төтенше жағдай қызметкерлері осылай деп отыр.

003

Республикалық маңызы бар Қазығұрт, Шақпақ баба, Тараз жолдары мен облыстағы Шыбықбел, Ащысай, Одаманбұлақ, Таскөмірсай асуларындағы жолдар қазір ашық. Бұл жолдарда бүгінде тәулік бойына кезекшілер жұмыс істеуде.

Төтенше жағдай департаменті мамандарының сөзіне сенсек, жолдарды қардан тазартуға арналған қажетті техника да жетерлік. Айта кетейік, жайсыз ауа райының салдарынан Шыбықбел асуы 8 сағатқа жабылған болатын. Мамандар қазір ондағы жағдай да реттелген деп отыр.

[youtube]http://youtu.be/6HMzU4EwYZY[/youtube]