Мемлекеттік кіріс басқармасында ашық есік күні өтті

523

Жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларында біріңғай кеңес беру күні ұйымдастырылуда. Бұл шараға басқарманың 19 бөлімшесіндегі білікті мамандарынан бастап, басқарма басшылары жұмылдырылған.

Кәсіпкерлік саласында туындайтын салыққа қатысты кейбір сұрақтарға да толыққанды жауап алуға болады.
Кеңес беру күндері халыққа салықтық заңнамалар егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады. Азаматтардың құқықтық білімін арттыру маңызы зор дейді мамандар.

Салықшылар мұндай шараларды әр бейсенбі таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 18/00 аралығында ұйымдастырып отырады.Шара жыл аяғына дейін жалғасады.