Оқушы қызға қол көтерген мұғалім жұмыстан босатылды

394

55555555555555555Төлеби ауданында оқушы қызға қол көтеріп, балағаттаған мұғалім жұмыстан босатылды. Сабақ барысында оқушылардың бірі жасырынып ұялы телефонына ұстаз бен шәкірт арасындағы кикілжіңді түсіріп алған. «Төлеби» орта мектебінің басшылығы болған жайтты мойындап отыр.

Сабақ үстінде ұялы телефонға жазылған жасырын видеода биология пәні мұғалімінің даусы жер жарады. Қол көтергені артықша.Болған жәйттен кейін мұғалім жәбірленген оқушыны үйіне жібермей ұстап отырған. Ашуға булыққан қыздан секем алса керек.

Оқиға мектеп басшылығына да жеткен. Оғаш  қылығы әшкере болған мұғалімге шара көрілді.

Оқушымен ара қатынасында ұстазға жат әрекет жасаған. Сол себепті мектеп әкімшілігі жұмыстан босатылды. Бір қызығы, мұғалімнің жат әрекеті бұған дейін де орын алған. Бірақ, прокуратура дәлел таппағандықтан, мұғалімнің мәселесі ұстаздар жиналысынан ары аспапты.

Гүлнұр мен анасы өздерінің қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Өйткені, сотқа шағым түсіргендерін ести салысымен, мұғалім үйіне келіп, қоқан-лоққы көрсеткен екен. «Екеуміз сол жерде қырылысып, айқайластық. Сенің қолыңнан не келеді? Баратын жерге барамын деп менімен ұрсысты»-дейді мұғалімнен таяқ жеген оқушының анасы.

Қазір осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Ал, көпшіліктің көз алдында жәбірленген шәкірттің анасы мұғалім қатаң жазалануы керек деп есептейді.