Оралхан Бөкей атындағы байқауға биыл техникалық саладағы жастар көп қатысуда

580

Қаламызда жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің 17 байқауы өтуде. Прозалық, поэзиялық және драмалық бағытта сынға түсетін қатысушылардың саны -13.

016

Олар Оралхан Бөкейдің шығармаларымен қатар өзге де жазушылардың туындысын жатқа айтады. Қалалық сында бағын сынап жатқан оқушылар мен студенттер бірнеше талаптар бойынша бағаланады.

Байқауды ұйымдастырушы тілдерді оқыту орталығы мамандарының айтуынша, үміткерлердің көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, мәтінді таңдау талғамы басты назарда болады.

Осы байқаудан сүрінбей өткен жеңімпаз облыстық О.Бөкей оқуларына қатысуға жолдама алады. Ал ұйымдастырушылар биыл байқауға тек филология факультеттері ғана емес, техникалық мамандықта оқып жүрген жастардың көптеп қатысуы қуантып отыр дейді.