Тоғыстық оқушылардың мектепке қатынауы мұң болып тұр

250
Тоғыстық оқышылардың мектепке қатынауы қиынға соғып тұр

Төлеби ауданынан қалаға қосылғандарына тура бір жыл болған Тоғыс тұрғын үй алабындағы ағайындардың айтары көп. Қалалықтар секілді өмір сүргісі келетін халық, бүгін алдарына барған билік өңілдеріне көкейтесті мәселелерін жайып салды.

Тоғыс тұрғын үй алабы тұрғындарымен өткен кездесу
Тоғыс тұрғын үй алабы тұрғындарымен өткен кездесу

Кездесуге келген Жыланбұзған тұрғын үй алыбындағы ағайындар тіршілік нәрі ауызсудың таршылық көріп отыр. Осыдан үш жыл бұрын салынған су таратқыш бекетен, ауыл адамдары шөлдері қанып су ішпеген. «Леңгір су» мекемесіне қарасты қауыз елді мекендерге суды сағаттап берсе, кейде тіпті су сорғыш қондырғыларын түрлі сылтаумен өшіріп қоятын көрінеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BluxZaq-VgM[/youtube]

«Леңгір су» мекемесі пайдаланған электр энергиясының ақысын төлемегендіктен жарықтан ажыратылған. Күнделікті жеткізілген жағар май да таусылып, су сорғыш өшіп қалатын көрінеді.

Ауыл ақсақалы қордаланып қалған мәселелерді тізіп шықты
Ауыл ақсақалы қордаланып қалған мәселелерді тізіп шықты

Ауыл ақсақалдарының ашына жеткізген уәжін тыңдаған аудан прокуроры мәселені қатаң бақылауға алатын болды. Тоғыстықтар үшін, балаларының мектепке қатынауы да қиынға соғып тұр. Білім беру заңында жазылғандай, балалар көлікпен тегін тасымалданбайды екен. Оқушылар 25 теңге жол ақысын төлеуге міндетті. Ал теңгесі жоқ балаларды қоғамдық көлік жүргізушілері автобусқа мінгізбейді.

Тоғыстық оқышылардың мектепке қатынауы қиынға соғып тұр
Тоғыстық оқышылардың мектепке қатынауы қиынға соғып тұр

Баласының болашағына алаңдаған ата-аналардың бұл мәселесін тез арада шешіп беруді де прокурор өз мойнына алды.

Бұл Еңбекші ауданы әкімдігінің халықпен екінші рет кездесуі. Осылайша, ауданға қосылған елдімекен тұрғындарының көкейтесті мәселелерін тізіп жатыр. Олардың оң шешімін табуына жағдай жасап, арыз-шағымды бей-жай қалдырмаймыз деп отыр.