Жас ғалымдар Көкшеден жүлдемен оралды

331
Байқауға қатысушылардың барлығы жүлдемен оралды
Байқауға қатысушылардың барлығы жүлдемен оралды

Республикалық «Зерде» конкурсына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан оқушылар І орынды және «Ең үздік команда» номинациясын жеңіп алды. Республикалық Х шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары байқауы Көкшетау қаласында 28-30 қаңтар аралығында 1, 7-сынып оқушылары арасында өтті.

Байқауға қатысушылардың барлығы жүлдемен оралды
Байқауға қатысушылардың барлығы жүлдемен оралды

Көкше жерінде өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалық сайысынан қатысқан 16 жасөспірімнің барлығы жүлделі орынмен оралды. Солардың бірі – математика пәні бойынша 3-орын алған, №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Дамир Қуаныш.

Дамир Қуаныш:»Менің тақырыбым – математикадағы таңғажайып жеті санының рөлі. Мені дайындаған ұстаздарыма рахмет!»

Республика бойынша 14 облыстан 358 оқушы бағын сынаған сайыста Оңтүстіктен қатысқан 16 оқушы жүлдегер атанды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Iw-wCINhszY[/youtube]

Шолпан Ізтілеуова, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары: «Байқауға облыстан алдыңғы жылдарға қарағанда оқушылар көбірек барды. Ол кезде 13 баланың 4-5-і ғана жүлдемен оралған. Ал биыл барған 16 баланың барлығы жүлдемен оралды. Атап кету керек, дайындық өте жоғары деңгейде. Бұл – оқытушылардың еңбегі. Сондықтан біз биыл жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.»

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды.