Шымкентте тағы да бүйректі ауыстыру отасы жасалды. Бұл жолы дәрігерлер 22 жастағы жанның бүйрегін ауыстырды.
Қазақстанда созылмалы бүйрек сырқатымен ауыратын 237 науқастың жағдайы мүшкіл. Оның 21-і — донорды күтіп, кезекте тұрғандар. Айта кетерлігі, бүйрегінде ақауы бар азаматтардың дені еңбекке жарамды жастағылар. Әзірге Шымкентте 7 науқастың ғана бүйрегі ауыстырылды. Олардың басым бөлігінің доноры өз туыстары болған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sBSPbg-ofbQ[/youtube]