«Shymkent Build – 2015» көрмесі өтіп жатыр (фото)

340

Қаламызда «Shymkent Build – 2015» көрмесінің тұсауы кесілді. Құрылыс және ғимараттың ішкі құрылысына арналған көрме өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Үш күнге жалғасатын халықаралық экспозициялық көрме жаңа әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығында өтуде.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Ресей, Түркия мен Өзбекстан елдерінен келген қырықтан астам компаниялар қатысуда. Аталған шарада өнеркәсіп құрылысына арналған желдету-жылыту, жылу алмасу және энергия үнемдеу қондырғылары, ПВХ-профильдерінің өндірісі, өнеркәсіпке және азаматтық мақсатқа арналған қаңқасыз жаңа технологиялар мен жоғары технологиялы бетон өндірісі, қазандықтардың жоғары тиімді каскадты жүйелері, полимерлік құбырлық жүйелер, сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа қондырғылар қойылды.

Көрме шеңберінде «Ferroli-Service жылыту жүйесінің энергиялық тиімді технологиялары», «Аллюгал» алюминий жүйелері бойынша семинарлар өтіп, өнімдерінің таныстырылымы атқарылды. Сонымен қатар көрмеге келген қонақтар Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты өндіретін «Toyota Fortuner» жол талғамайтын көлігін драйв-тесттен өткізу сәтін тамашалады.

Құрылыс қарқын алған өңірде өткен алғашқы кәсіби форум облыс әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті. Форумда облыстағы құрылыс саласының даму перспективалары, ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық өнімнің имиджін көтеру жайы мен құрылыс саласындағы инновациялық шешімдер талқыланды.

Форум аясында облыстың экономикасының дамуына ықпал ететін меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

001

002

003

004

005

006

007

008

009

010

011

Дереккөз және фотолар: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі